03 нау, 2026 сағат 12:40

Ақтөбе қаласында газ құю бекетінде жарылыс болды


Фото: Видеодан скриншот
Таңғы сағат шамамен 6:00-де Ақтөбе қаласында Ақжар көшесінде орналасқан жанармай құю бекетіндегі резервуарлардың бірінде газ жарылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Одан кейін өрт екінші жер үсті цистернасына, тұрақта тұрған газ тасымалдаушы көлікке және операторлық ғимаратына тараған.

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары ықтимал қайталама жарылыстардың алдын алып, өрттің одан әрі жайылуына жол бермеу үшін жоғары қауіп жағдайында жұмыс істеді. Өртті сөндіруге шамамен 60 адам жұмылдырылды.

Өрт жетінші сағат шамасында толықтай сөндірілді. Қызыл жалын шарпыған аумақ 200 шаршы метрді құрады.