Фото: Алматы әкімдігі
4 наурыздан бастап бірқатар бағытта қолма-қол ақшасыз төлемнің жаңа жүйесі – Avtobys енгізіледі, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл қызмет № 51, 117, 219, 221, 228, 234 және 258 маршруттарында іске қосылады. Сонымен қатар Onay терминалы арқылы төлем қабылдау жалғасады.
Avtobys арқылы төлеу тәсілдері:
- — мобильді қосымша арқылы (QR-код, Bluetooth, көлік нөмірі, NFC)
- — банк картасымен
Төлем бірнеше секунд ішінде жасалып, жүйеде бірден расталады.
Қызметті пайдалану үшін App Store, Google Play немесе AppGallery дүкендерінен Avtobys қосымшасын жүктеп, тіркеліп, балансты толтыру қажет.
Avtobys Қазақстанның 20-дан астам қаласында бар. Енді бұл жүйе Алматыда да қолжетімді.
