Фото: egovpress
Астана қаласының тұрғыны баласына дүкеннен Cheetos ірімшік снегін сатып алған. Алайда қаптаманы ашқан кезде оның ішінен тышқанға ұқсас бөгде зат шыққан. Бұл туралы Ult.kz egovpress парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өнім балаларға арналғандықтан, мұндай жағдай әйелді қатты алаңдатқан. Ол бірден тиісті органдарға жүгініп, тауардың сапасын тексеруді талап еткен.
Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша тексеру басталғаны туралы әзірге ешқандай мәлімдеме жарияланған жоқ.
Мамандар тұтынушыларға қаптаманы ашқан кезде өнімнің түріне, иісіне және сапасына мұқият қарауға кеңес береді. Күмәнді жағдай анықталса, тауарды қолданбай, құзырлы органдарға хабарласқан жөн.
