08 ақп, 2023 сағат 11:38

Ақтөбеде "қарулы жиһадқа" шақырған ер адам сотталды

Фото: ТАСС

Бас прокуратурада діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Соңғы жылдары елімізде прокуратура органдарының үйлестіруімен, құқық қорғау және арнайы органдар қатысуымен терроризм мен экстремизмнің алғы шарттарын анықтау және жолын кесу үшін заңнамалық және ұйымдастырушылық базаны құру және жетілдіру бойынша елеулі жұмыс атқарылды.

Бүгінгі таңда интернет кеңістігінде радикалды идеялардың таралуы айтарлықтай қауіп төндіреді. Құқыққа қарсы контенті бар сайттарды тексеру мақсатында 2017 жылы «Киберқадағалау» жобасы іске қосылды, оның нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар діни экстремизм мен терроризм белгілері бар 900 мыңнан астам веб-сілтемелерді бұғаттады" - делінген хабарламада. 

Мысалы, 2022 жылдың соңында Бас прокуратура халықаралық террористік ұйымға қатысы бар жалған уағызшының «Youtube» бейнеконтентінің (шамамен 3 мың жазылушы және 5 мың қаралым) веб-сілтемесін бұғаттаған.

Бұдан бөлек Бас прокуратураның үйлестіруімен Ақтөбе облысындағы ҰҚК Департаменті «Telegram» месенджері арқылы «қарулы» жиһад материалдарын таратқан «Б» азаматына қатысты қылмыстық іс қозғаған.

Аталған адам сот үкімімен ҚК-нің 256-бабы (терроризді насихаттау) бойынша 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.