01 ақп, 2023 сағат 09:27

Ақтөбеде тұрғыннан 15 миллион теңге бопсалаған ер адам ұсталды - видео

Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі ақша сомасын бопсалаушыны ұстады, – деп  хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтардың аяғында полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны белгісіз адам дене жарақатымен қорқытып, 15 миллион теңге сұрағанын айтып арызданған. Жедел іс-шараларды өткізу барысында арнайы бөлімше жауынгерлері көмегімен ҰҚҚКБ қызметкерлері 34 жастағы ер адамды анықтап, жәбірленушіден ақшаның бір бөлігін алу кезінде ұстаған.

Күдіктінің 2022 жылдың соңында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны, сол жерде осындай қылмысы үшін жазасын өтегені анықталды. 

Ал бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.