
11-13 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамы белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кезекті атлантикалық циклон Қазақстан аумағы арқылы жылжиды. Соның әсерінен найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел тұрады, жауын жауады.
Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
