
Синоптиктер 16-18 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның ауа райында күрт өзгерістер болмайды. Циклондар және олармен байланысты атмосфералық фронттар Атланттан ығысып, республикаға жылы және ылғалды ауа массаларын алып келеді.
Сондықтан көптеген облыстарда кей уақытта қар жауады. Солтүстікте бұрқасын және қатты екпінді жел тұрады. Ал оңтүстік облыстарда тұман және көктайғақ болады.
Ауа температурасы республиканың солтүстік жартысында нормадан 3…8°С жоғары, ал оңтүстікте нормаға жуық көлемде сақталады.
