16 нау, 2020 сағат 10:15

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 17-19 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттардың әсерінен кезеңнің басында республиканың басым бөлігінде кей жерлерде жауын-шашын жауады, солтүстікте жел күшейеді. 

Оңтүстік-батыс тропосфералық ағындарының ықпалымен республиканың шығыс бөлігінде температура жоғарылайды. 

Бірақ фронттардың артынан ығысатын суық антициклон температураның біртіндеп төмендетеді. Алдымен батыста, содан кейін Қазақстанның қалған аймақтарында күн суытады. 

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.