13 нау, 2020 сағат 14:21

Алдағы үш тәулікте елімізде күн жылынады

Синопткитер 14-16 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Атлант мұхитынан келген циклон Қазақстан территориясына кезекті жылу алып келеді. Соған байланысты температуралық фонның жоғарылауы күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын түседі, көбіне жаңбыр жауады, республиканың оңтүстігінде найзағай күркірейді. Түнгі және таңғы уақыттарда тұман, көктайғақ байқалатын болады», делінген хабарламада.