28 қаз, 2022 сағат 12:44

Әлімханұлы мексикалық нокаутшыға қатысты мәлімдеме жасады


Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мексикалық Хайме Мунгия (40-0, 32 КО) жекпе-жекке келісетініне күмәнданып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Шынын айтқанда, Мунгия менімен жұдырықтасатынына сенбеймін. Оның бұған дейін мүмкіндігі болды. Алайда  ол жекпе-жекке келіссе, бұл мен және жанкүйерлер үшін жақсы айқас болады. Ал ол үшін бұл айқас... Оны қорқытып қойғым келмейді", - деп жазыпты Әлімханұлы "твиттер" желісінде.