
Фото: GAC және Allur
2026 жылғы 12 ақпанда Гуанчжоу қаласында Қазақстандағы жетекші автокөлік өндіруші және дистрибьютор Allur компаниясы мен GAC International арасында KD өндірісі саласындағы өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Келісімге қол қою халықаралық өнеркәсіптік серіктестікті дамытудағы маңызды кезең және Қазақстанда автокөлік өндірісін локализациялау деңгейін ұлғайтуға бағытталған. Жобаны іске асыру локализациялық өндірісті, дилерлік желіні дамыту мен маркетингтік инфрақұрылымды қоса алғанда қосылған құнның толық тізбегін қалыптастыру процессіне көшуге мүмкіндік береді.
Келісім сондай-ақ Қазақстанның Орталық Азия мен ТМД өңіріндегі негізгі автокөлік хабы ретіндегі рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді және елдің жоғары технологиялық машина жасау саласын дамыту алаңы ретіндегі позициясын нығайтады.
Қол қою рәсіміне GAC Group бас директорының орынбасары, GAC International төрағасы Чэнь Цзяцай мырза және Allur президенті Оксана Холстинина ханым қатысты. Құжатқа GAC International бас директорының орынбасары Лу Вэйцун мырза және Allur компаниясының дистрибуция жөніндегі вице-президенті Максим Мягчилов мырза қол қойды.
Фото: GAC және Allur
ТМД нарығын дамыту және өндірісті локализациялау
Тараптар Қазақстанды ТМД өңіріндегі стратегиялық нарық әрі Еуразия құрлығын байланыстыратын маңызды көлік-логистикалық торап ретінде қарастырады. Соңғы жылдары ел нарығындағы қытайлық автокөлік брендтерінің үлесі айтарлықтай өсті - 2020 жылғы 3,8%-дан 2025 жылы 38,5%-ға дейін жетіп, саланың өсуінің негізгі факторларының біріне айналды.
Allur мен GAC International ынтымақтастығы Қазақстанда өндірісті локализациялау процессін дамытуға, кейіннен ТМД нарығына шығуға бағытталған өндірістік базаны құруды көздейді. Жоба заманауи өндірістік шешімдерді енгізуді, KD-жинақтау саласындағы құзыреттерді дамытуды және локализациялау деңгейін кезең-кезеңімен арттыруды қарастырады.
GAC International - Қытай автокөлік өнеркәсібінің жетекші халықаралық бөлімшелерінің бірі. Компанияда дамыған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүйесі, заманауи өндірістік қуаттар және әлемнің әртүрлі өңірлерінде локализациялау тәжірибесі бар. Компания бірқатар халықаралық өндірістік жобаларды іске асырып, KD-өндірісті ұйымдастыру бойынша елеулі тәжірибе жинақтаған.
Фото: GAC және Allur
Фото: GAC және Allur
Өндірістік құзыреттер синергиясы
Allur - жылына 125 000-нан астам автокөлік өндіру қуаты бар Қазақстанның автокөлік өнеркәсібіндегі ең ірі ойыншы. Компанияның жалпы аумағы 356 000 шаршы метрді құрайтын өндірістік алаңы бар, онда жеңіл және коммерциялық автокөлік шығарады. Компания портфеліне Chevrolet, Kia, JAC, Jetour, Skoda, Geely Galaxy, MG және Soueast брендтері кіреді, сондай-ақ өңірдегі ең ірі дилерлік желіге ие.
Келісім аясында тараптар Қазақстанда GAC автокөліктерінің толық модельдік қатарын, соның ішінде іштен жану қозғалтқышы бар, гибридті және электрлі автокөліктерді өндіруді ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Жоба тұрақты өнеркәсіптік базаны қалыптастыруға және автокөлік өндірісін локализациялау деңгейін арттыруға бағытталған.
Allur президенті Оксана Холстинина GAC-пен ынтымақтастық саланы дамытуға және Қазақстан нарығындағы өнім желісін кеңейтуге қосымша мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
GAC International өкілдері Allur-мен серіктестік компанияның ТМД өңіріндегі қатысуын кеңейтудің маңызды кезеңі екенін және заманауи технологиялық шешімдерді ескере отырып, жергілікті нарықтың әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Фото: GAC және Allur
Фото: GAC және Allur
Фото: GAC және Allur
Фото: GAC және Allur
Саланы және экономиканы дамытуға қосқан үлес
Жобаны іске асыру өндірістік тізбекті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, Қазақстанның автокөлік өнеркәсібінің технологиялық деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Ұзақ мерзімді перспективада тараптардың ынтымақтастығы экспорттық әлеуетті дамытуға, Орталық Азия мен ТМД нарықтарындағы қатысуды кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстанның өңірдегі автокөлік өндірісінің негізгі орталықтарының бірі ретіндегі позициясын нығайтуға бағытталған.
99 рет оқылды