Фото: ашық дереккөз
Елімізде биыл 9 энергоблокты, 55 қазанды және 51 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды Ult.kz.
Қазіргі таңда 3 энергоблокта жөндеу жұмыстары басталды. 12 қазандық жөнделуде, оның ішінде біреуінің жөндеуі аяқталды. Бір турбинаның жөндеуі аяқталып, тағы 5 турбина жөнделуде.
Қалған жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар энергетикалық жабдықтың сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ алдағы жылыту маусымында халықты тұрақты жылумен жабдықтауға бағытталған.
