16 қаң, 2023 сағат 11:38

Алматыда ер адамды жабылып зорлаған күдіктілер ұсталды

Көрнекі фото: pixabay.com 

Алматыда 30 жастағы ер адам полицияға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып шағымданған. Күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Жәбірленушінің айтуынша, оқиға бір күн бұрын болған.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Осы қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды.

Қылмыстың мән-жайы мен орны анықталды. Күдіктілер "ізін суытпай" ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандар - 2001 және 2003 жылы туғандар. Олардың Алматыда тұрақты жұмысы жоқ" - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, полиция қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалғанын атап өтті.