Фото: ҰҚК
Алматы қаласында арнайы қызмет өкілдері «Кропаль» атты қылмыстық топтың болжамды жетекшісі Асылбек Төлетпековті ұстады, деп хабарлайды Ult.kz.
ҰҚК нұсқасына сәйкес, ол аса ірі көлемде бопсалау дерегіне қатысы бар деп күдікке ілінген.
Қазіргі уақытта Асылбек Төлетпеков уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу органдары оның қылмыстық әрекеттеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, осы жылдың қаңтар айында аталған іс аясында Шымкент қаласында Төлетпековтің болжамды екі сыбайласы ұсталған болатын. Алайда тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайлары әзірге жария етілмей отыр.
«Кропаль» қылмыстық тобы 1990-жылдары Қазақстанда атышулы ұйымдасқан қылмыстық топ ретінде танылған. Аталған топты Александр Кропачёв «Кропаль» лақап атымен құрғаны белгілі.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
