26 қаң, 2026 сағат 12:18

Алматыда блогер электрошокермен өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқан


Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков
Алматыда блогер электрошокермен өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқа, деп хабарлайды Ult.kz.

Алматы қаласында қоғамдық орындарда электрошокер көрсетіп, өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқан 34 жастағы ер адам жауапкершілікке тартылды. Құрылғыны адамдарға қолданбағанымен, оның әрекеттері айналасындағыларға қауіп төнгендей әсер қалдырған.

Сот ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 10 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындады. Полиция өкілдері мұндай құрылғыларды тек көрсетуінің өзі адамдар арасында дүрбелең туғызуы мүмкін екенін және заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін еске салды.