Фото: Алматы әкімдігі
Алматының Бостандық ауданында ұзындығы 110 метр болатын бірегей сырмақ әзірленуде. Жобаны аудан әкімдігінің қолдауымен «Қазақ аналары» әжелер қауымдастығы іске асыруда, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұйым дәстүрлі басу және тігу тәсілдері арқылы қолмен жасалып, классикалық қазақы ою-өрнекпен көмкеріледі. Әрбір өрнек пен әр бөлшекте ұрпақ сабақтастығы, ұлттық қолөнерге деген құрмет және мәдени мұраны сақтау ниеті көрініс табады.
Жұмысты 21 наурызға дейін аяқтау жоспарланған. Наурыз мерекесінде сырмақ көпшілік назарына ұсынылады.
