19 нау, 2026 сағат 18:16

Алматыда мереке қарсаңында жаңа арт-нысан бой көтерді

Алматыда Наурыз қарсаңында ерекше арт-нысан пайда болды. Тұңғыш Президент саябағының алдында биіктігі 12 метрлік «Бақыт Бәйтерегі» орнатылды.

Бұл нысан – қала кәсіпкерлерінің туған қалаға деген шынайы ықыласы мен қолдауының көрінісі. «Бақыт Бәйтерегі» Наурыз мейрамының басты құндылықтарын — жаңару, бірлік пен гүлденуді бейнелейді.