Әлеуметтік желіде қасықпен әнді сүйемелдеген балалардың видеосы тарады. Шығармашылық пен шеберліктің бұл көрінісі қолданушыларды таңғалдырды.
"Қасықтарға тіл бітірген балалар. Ырғаққа толы әуен, көңілді күлкі, бірлік пен ұйымшылдық — бәрі бір сәтте үйлесті. Қарапайым қасықтар балалардың қолында нағыз музыкалық аспапқа айналды", - делінген видео авторының жазбасында.
