Фото: ашық дереккөз
Бұл ақпаратты Әзербайжанның сыртқы істер министрлігі растады.
Дронның бірі халықаралық әуежай ғимаратына соққы жасаған, қалғаны Шекерабад ауылындағы мектеп маңына түскен. Соққыдан екі адам зардап шекті.
Нахичеван әуежайы Иран шекарасынан шамамен 10 шақырым жерде орналасқан. Баку болған оқиғаға Иранды айыптап отыр. Осыған байланысты Иранның Әзербайжандағы елшісі сыртқы істер министрлігіне шұғыл түрде шақырылды.
