08 жел, 2022 сағат 17:38

Алматыда жезөкшелер үйі әшкере болды


Алматыда массаж салонында 15 жезөкше қызмет көрсеткен, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда интим қызмет көрсетілген жезөкшелер үйі анықталды.

"Салон рейд шараның нәтижесінде анықталды. Тексеру кезінде салонда 15 жеңіл жүрісті әйел мен олардың клиенттері болған. Олардың жеке басын анықтау және қандай да бір заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғын тексеру үшін күдіктілер біздің бөлімшеге жеткізілді. Салон қызметкерлері - басқа жақтан келгендер, олар Алматыда тіркеусіз болған. Олардың әрекеті ҚР ӘҚбК-нің 492-бабына сәйкес сараланады. Әкімшілік істің тиісті материалдары жинақталды, - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Сонымен қатар спикердің айтуынша, жезөкшелер үйін ұйымдастырған үй иесі жауапқа тартылған.