13 мам, 2022 сағат 18:49

Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің жартылай финалына шықты


Қазақстанның жұптық сында бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық теннисші аргентиналық Максимо Гонсалеспен бірге ширек финалда уругвайлық Ариэль Бехар – эквадорлық Гонсало Эскобармен күш сынасты. 

Бірінші партияда қос брейкке қол жеткізген қазақстандық-аргентиналық жұп айқын басымдылық танытты – 6:2.

Екінші сет әлдеқайда тартысты өрбіп, матч тағдыры тай-брейкте шешілді – 7:6 (12:10).

Бір сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында Голубев пен Гонсалес эйс жасамағанымен, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. 

Голубев пен Гонсалестің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев ресейлік Александр Шевченкомен бірге Шымкент челленджер турнирінің финалына шыға алмады. Бұл жұп жартылай финалда тартысты матчта швейцариялық Антуан Белье – бразилиялық Габриэль Декампқа есе жіберді – 5:7, 7:6 (7:5), 6:10.