14 мау, 2021 сағат 11:24

Андрей Голубев жұптық рейтингіде әлемдегі үздік 40 теннисшінің қатарына енді


Қазақстандық Андрей Голубев Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (АТР) жаңартылған рейтингісінде жұптық сында 39-орынға көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, бұл бірден 43 сатыға жоғарылаған Голубевтің спорттық жолындағы ең үздік көрсеткіші болып табылады. 

Бұған дейін Голубевтің үздік нәтижесі 2015 жылғы наурыздағы 65-орын болатын. 

Сонымен қатар өткен аптада Ролан Гаррос турнирінің финалына дейін жеткен Александр Бублик пен Андрей Голубев ATP-ның чемпиондық кестесінде 7-орынға шықты. Бұл – Қазақстан теннисі тарихындағы ең үздік көрсеткіш.