01 қыр, 2020 сағат 08:50

Арқалық қаласында 5 жасар қыз терезеден құлап көз жұмды

Қостанай облысында бір күнде екі бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратты. Оқиға 31 тамыз күні болған. 

«Сағат 13:30 шамасында Арқалық қаласында Маясов көшесіндегі тұрғын үйдің бесінші қабатынан 2015 жылы туған қыз құлап кетті. Ол терезеге шығып, москит торын ұстап тұрған. Бұл уақытта баланың ата-анасы көрші бөлмеде жүрді. Алған жарақат салдарынан бала қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды» делінген ТЖД ақпаратында. 

Осы күні Жітіқара қаласындағы шағын аудандардың бірінші 6-қабаттан 2007 жылы туған жасөспірім құлап кеткен. 

Ол түрлі дене жарақатымен қалалық ауруханаға жатқызылды.