14 мам, 2025 сағат 16:07

Артём Антропов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Фото: AWF

Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Артём Антропов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Ult.kz.

Спортшы 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қос сайыс нәтижесінде 386 келіні (165 келі – жұлқа көтеру, 221 келі – серпе көтеру) еңсеріп, екінші орынға ие болды.

Бұл салмақ дәрежесінде жеңіс Қытай атлеті Лу Хуаньхуаға бұйырды – оның нәтижесі 410 келі (180+230). Үшінші орынды Түрікменстан спортшысы Дауранбек Хасанбаев еншіледі – 377 келі (182+195).