
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғыз Республикасының жаңа Премьер-Министрі Кубатбек Бороновпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Үкіметінің басшысы К. Бороновты Премьер-Министр лауазымына тағайындалуымен құттықтап, оған Қырғыз Республикасын әлеуметтік-экономикалық дамыту жолында табыс тіледі.
Тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның сауда-экономикалық, су-энергетикалық және басқа да салалардағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, ЕАЭО және басқа да интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.
