18 мау, 2020 сағат 19:40

Асқар Мамин РФ Үкіметінің Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Тараптар сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, көлік, инвестиция және басқа да салалардағы Қазақстан – Ресей екіжақты ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ COVID-19-дың таралуына қарсы бірлескен іс-шараларға ерекше назар аударылды.

Ресей Үкіметінің басшысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жылы лебізін білдіріп, тезірек сауығуын тіледі.