Фото: Хабар24
Ақмола облысында әскери қызметтен босатуға уәде беріп, ақша алған аудандық емхана дәрігері сотталды. Бұл туралы облыстық сот хабарлады.
Іс Целиноград аудандық сотында қаралған. Дәрігерге қызметтік жағдайын пайдалана отырып алаяқтық жасады деген айып тағылған.
Тергеу деректеріне сәйкес, ол 2024 жылдың қазан–желтоқсан айлары аралығында үш азаматқа әскери қызметті кейінге қалдырып беруге уәде етіп, әрқайсысынан 350 мың теңгеден алған.
Алайда алынған қаражат жеке мақсатқа жұмсалып, жәбірленушілерге материалдық шығын келтірілген.
Сот үкімімен дәрігер 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сондай-ақ ол 1 жыл бойы медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
