21 жел, 2022 сағат 11:41

Астана тұрғыны теракт жасауға дайындалған - ҰҚК

Фото: ашық дереккөзден

Астана тұрғыны теракт жасауға дайындалғаны үшін 15 жылға сотталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, елорда тұрғыны "Ш"-ға қатысты Астана Сарыарқа аудандық сотының шешімі заңды күшіне енген.

"Сот оның терроризм актісіне дайындалу, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды даярлау, сонымен қатар, терроризмді, билікті басып алу және ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау деректері бойынша кінәсін дәлелдеді", - делінген хабарламада.