
«Астана» велокомандасының спортшысы Якоб Фульсанг Испанияда «Андалусия Вуэльтасы» көпкүндік веложарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Астаналық клубтың сапында өнер көрсететін 34 жастағы дат велошабандоз жалпы есеп көрсеткіші бойынша бірінші тұр. Одан кейін Mitchelton-Scott атынан шыққан австралиялық велошабандоз Джек Хейг орналасқан. Үздік үштікті Bahrain McLaren командасының атынан алғаш жарысқа қатысқан 30 жастағы испан спортшысы Микель Ланда түйіндеді.
«Андалусия Вуэльтасы» — көпкүндік шосселік веложарыс. Бұл дода Испаниядағы Андалусия автономдық қоғамдастығының Коста-дель-Соль өңірінде өтеді.
