10 нау, 2023 сағат 11:29

«Астана-Зеленстройдың» бас директорына 185 млн теңге айыппұл салынды

Фото: elements.envato.com

«Астана-Зеленстрой» бас директоры пара бергені үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 сотында «Астана-Зеленстрой» ЖШС бас директоры Айбар Наурызәлі «Табиғат-Сервис НС» ЖШС директорының орынбасары С. Карловадан жасыл екпелерді күтіп ұстау бойынша артықшылық бергені және орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 миллион теңге алу дерегі бойынша істі қарау аяқталды.

3 наурыздағы сот үкімі бойынша, Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы – 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды», - делінген хабарламада.

Ал Карловаға сот параның он бес еселенген сомасы – 135 миллион теңге көлемінде айыппұл салған.