12 қар, 2022 сағат 12:17

Астанада екі жігіт өтіп бара жатқан адамды ұрып-соғып, тонап кеткен


Астанада екі жігіт өтіп бара жатқан адамды ұрып-соғып, тонап кеткен, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

102 нөміріне 26 жастағы ер адамнан Қордай көшесінде екі белгісіз жігіт оны ұрып-соғып, тонап кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Шабуыл жасалған сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Видеода екі жігіттің ер адамға жақындап, соққы жасай бастағанын көруге болады. Тонаушылар оның қолынан сөмкені жұлып алып, қаша жөнелген. Жәбірленуші олардың артынан жүгіріп, қуып жетпек болғанымен, еш нәтиже шықпады.

Қаскүнемдердің олжасы 1400 АҚШ доллары болды.

"Алматы" аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 19 және 17 жастағы күдіктілердің екеуін де ұстады.

Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, адам тонаған 19 жастағы күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмаған жасөспірімді ювенал полиция қызметкерлері бақылауға алды" - делінген ПД хабарламасында.

Олардың шетел валютасын теңгеге айырбастап, кейін біразын өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгергені анықталды. Қалған қаражат тәркіленген.