15 қаң, 2026 сағат 13:21

Астанада ер адам құқық қорғау органы қызметкеріне оқ атты


Фото: ашық дереккөз


Полицияның хабарлауынша, 21 жастағы елорда тұрғыны аңшы мылтығымен қозғалыстағы автокөліктің жүргізушісіне оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жарақат алған азамат «102» арнасы арқылы полицияға хабар берген. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті ұсталды. 


Қалалық полицияның мәліметінше, жарақат алған азамат құқық қорғау органының қызметкері. Ол оқиға кезінде еңбек демалысында болған.


Полиция сондай-ақ мылтықтың күдіктінің әкесіне тиесілі екенін хабарлады. Қару иесі сақтау талабын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.