12 мам, 2026 сағат 14:19

Астанада LRT осы аптада іске қосылады

Фото: CNM.kz

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев айтты.

Оның айтуынша, елорда тұрғындары мен қонақтары жаңа көлік жүйесін жақын күндері пайдалана алады.

Жаңа жеңіл рельсті көлік заманауи талаптарға сай жабдықталған. Әр вагонның ұзындығы 60 метрді құрайды және 600-ден астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

LRT пойыздарының ең жоғары жылдамдығы сағатына 80 шақырым болса, қала ішіндегі орташа қозғалыс жылдамдығы сағатына 50-60 шақырым шамасында болады.