02 ақп, 2026 сағат 11:48

Астанада TikTok желісіндегі жалған «емші» сотталды

Фото: Freepik.com

Астана қаласының тұрғыны «TikTok» әлеуметтік желісінде өзін «емші» әрі экстрасенс ретінде таныстырып, азаматтарды алдап соққаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ult.kz.

Ол әлеуметтік желі арқылы жәбірленушілердің денсаулығына қатысты мәселелері бар екенін біліп, өзін ерекше қабілетке ие тұлға ретінде көрсетіп, ақылы «емдеу» қызметін ұсынған.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті үш жәбірленушіні сендіріп, жалпы сомасы 5,5 миллион теңгеден асатын ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденген. Алынған қаражатты ол букмекерлік кеңселерде ставка жасауға жұмсаған.

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық айғақтарды ұсынды. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, келтірілген материалдық залалды ішінара өтеген.

Сот үкімімен кінәлі тұлға 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енді.