02 қар, 2022 сағат 13:45

Астанада жалған полицей жезөкшелерден ақша бопсалаған - видео


Астанада ақша бопсалаумен айналысқан жалған полицей ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Елордалық Полиция департаментінің қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, оның барысында ақша бопсалаған күдікті ұсталды. 23 жастағы жігіт интимдік қызмет көрсететін қыздарды қорқытып, олардан ақша алған.

Күдікті пәтерге келіп, қылмыстық жауапкершілікке тартамын деп ақша талап еткен. Алаяқ полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігін көрсеткен.

Полицейлер жігітті қаладағы пәтерлердің бірінде жәбірленушіден 20 мың теңге алып жатқан кезде ұстады. Жеке тінту кезінде одан полиция қызметкерінің куәлігі мен ақша тәркіленді.

Бүгінде бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.