Фото: kazgymfederation
Сингапурда өткен көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Астананың спортшылары 5 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль иеленді. Жарысқа 19 елден 100-ден аса спортшы қатысқан, деп хабарлайды Ult.kz.
№1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің құрамасы командалық көпсайыста жеңімпаз атанып, финалдық бағдарламада 3 шығыршық + 2 жұп ұршық жаттығуында алтын, ал 5 лентада күміс медаль еншіледі.
Жеке нәтижелер:
▪️Айбота Ертайқызы – лентада алтын, көпсайыста қола;
▪️Ақмарал Ерекешева – доп пен лентада екі алтын, ұршықта күміс;
▪️Айым Мейіржанова – ұршықта қола;
▪️Рысбек Айғаным – көпсайыста 4-орын.