30 там, 2020 сағат 06:50

Ата Заң еліміздің дамуы мен тұрақтылығының берік іргетасына айналды - Мамин

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп жазады primeminister.kz.

«Құрметті отандастар! Сіздерді еліміздің тарихындағы айтулы оқиға — Қазақстан Конституциясының 25 жылдығымен құттықтаймын! Басты Заң Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және унитарлық мемлекет ретіндегі негіздерін бекітіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрақтылығының берік іргетасына айналды. Мемлекетіміздің сенімді конституциялық негізі құрылымдық экономикалық реформаларды жүргізуге және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға барлық қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Барша қазақстандыққа зор денсаулық, бейбіт өмір, амандық пен табыс тілеймін! Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин» деп жазған ол құттықтау хатта.