Фото: Дәурен Исаев және Қайрат Қонысбаев
Алматыда АТР 250 Almaty Open сериясындағы теннис турнирінің ерлер арасындағы жұптық сын жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп, оған мегаполис басшысы Ерболат Досаев қатысты.
Турнир Қазақстан теннис федерациясының ұйымдастыруымен және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Оған әлемдік рейтингтің үздік отыздығына кіретін теннисшілер бақ сынасты.
Алматы әкімі Ерболат Досаев Үндістаннан келген Арджуна Кадхе мен Ритвика Боллипаллидің ерлер арасындағы жұптық санаттағы жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысты.
Фото: Дәурен Исаев және Қайрат Қонысбаев
Ақтық сайыста олар колумбиялық Николас Баррьентос пен тунистік Скандер Мансуриден басым түсті.
Сағат 15:00-де әлемнің 26-шы ракеткасы ресейлік Карен Хачанов пен канадалық Габриэль Диалло арасындағы жекелеген санаттағы финал басталды.
Фото: Дәурен Исаев және Қайрат Қонысбаев
Айта кетейік, қала әкімдігі турнир кезінде жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін Almaty Arena спорт кешеніне дейін және кері бағытта тегін автобустар ұйымдастырды.
Almaty Arena аумағында ересектер мен балалар үшін теннис матчынан бөлек қызықты шаралар өткізілді: ойын аймақтары, фотоаймақтар, инсталляциялар, әуе шары және матчтардың онлайн көрсетілімдерімен жабдықталған амфитеатр болды.