17 қаң, 2026 сағат 13:21

Атырау облысында қаза тапқан ерлі-зайыптының балаларын іздеу тоқтатылды


Атырау облысы ПД


Жангелдин ауылында Наурыз бен Мирамгүлді іздеуге бағытталған іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Ult.kz  "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.


Департаменттің мәліметінше, іздестіру жұмыстарына Атырау облыстық полиция департаментінің ресми сұрауы бойынша құтқару бөлімшелері тартылып, елді мекен аумағы толық тексерілген.


"Полиция белгілеген барлық учаске толық тексерілді. Қазір полиция департаментінен іздестіруді жалғастыруға қатысты жаңа тапсырмалар немесе бағыттамалар түскен жоқ", - деп мәлімдеді ТЖД.


Еске салайық, 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен.

6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр.


"Бұл дерек бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер анықталды. Қазір оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", - деді бұған дейін полиция.


8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.


Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияландыКүдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.


Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелген. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізеді.