06 жел, 2022 сағат 14:45

Атырауда ер адам 13 жастағы қызды зорламақ болған - видео


Атырауда ер адам 13 жастағы қызды зорламақ болған. Полиция өкілдері ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Авангард шағынауданында көлікті заңсыз басқарған ер адам көпқабатты үй ауласында жасырынып, 13 жастағы қызды зорламақ болған.

"Атырау Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде ол қылмыс үстінде ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмаған адамды зорлауға оқталу фактісі бойынша тергеу басталды", - деді ПД баспасөз қызметінің өкілі.

Күдікті қамауға алынған.