05 ақп, 2023 сағат 09:43

Атырауда өз балаларын сатты деген күдікке ілінген әйел ұсталды


Атырауда БҚО-ның 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өз балаларын сатты деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды "Ақ жайық".

Басылым мәліметінше, әйел сатып алушыларды өзі тапқан. Ол 1 және 2 жастағы екі баланы сатты деген күдікке ілініп отыр. Қандай сомаға сатқаны әлі белгісіз.

Бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 135-бабы "Кәмелетке толмағандар саудасы" бойынша соталды тергеу басталған.