Фото: Nur.kz
Атырауда 6 сәуір күні таңертең қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Нұрсая шағынауданында, Әл-Фараби атындағы BINOM мектебінің маңында автокөлік жеті жасар қызды қағып кеткен, деп хабарлайды Ult.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, бала сабаққа бара жатып, жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтіп келе жатқан. Осы сәтте оны көлік қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан оқушы жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.
Куәгерлердің айтуынша, қайғылы жағдай басқа оқушылар мен ата-аналардың көз алдында болған. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен дәрігерлер жеткенімен, баланы құтқарып қалу мүмкін болмаған.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, қажетті сараптамалар тағайындалған.
