05 сәу, 2026 сағат 14:19

Түркістан облысында өзенге құлаған сәби өлі күйінде табылды

Фото: ТЖМ

Түркістан облысы Сайрам ауданы Машат елді мекеніндегі Машат өзенінде жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 2024 жылы туған баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметінше, сәби 31 наурыз күні өзенге құлап кеткен.

Іздестіру жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізіліп, құтқарушылар баланың денесін оқиға орнынан шамамен 7 шақырым төмен жерден тапқан.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.