Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Атырау облысында жоғалған ерлі-зайыптының денесі табылғаннан кейін күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Ult.kz Sputnik Қазақстан-ға. Сілтеме жасап.
Бұған дейін Жангелдин ауылының тұрғындары – ерлі-зайыпты, олардың қызы мен ұлының жоғалғаны туралы арыз түскен. Сол кезде осы отбасының тағы бір қызы мен күйеу баласы із-түзсіз жоғалған. Полицейлер екеуінің Сарыағаш жақтағы Қапланбек бекеті арқылы Өзбекстанға өтіп, ары қарай шетел асып кеткенін анықтады. Ал 6 қаңтарда хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптының мәйіті табылған болатын.
"Атырау облысында Жангелдин ауылының тұрғындарын өлтіру дерегі бойынша күдіктіге іздеу жарияланды. Қылмысқа күдікті – Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ өзге де тұлғалардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - дейді полицейлер.
Айта кетері, іздеу салынған отбасының күйеу баласы бес баласын сол ауданда тұратын өз анасына тастап, жұбайымен бірге шетелге кетіп қалған.
