04 нау, 2020 сағат 11:45

Ауғанстанда тәліптер шабуылынан кем дегенде 18 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

Кундуз провинциясында «Тәлибан» қозғалысымен соғыста Ауғанстан мемлекеттік қауіпсіздігінің 18 қызметкері қаза тапты. Бұл туралы сәрсенбіде 1TV телеарнасы хабарлады.

Тәлібтердің шабуылы салдарынан бақылау-өткізу бекетінде 15 сарбаз бен үш полиция қызметкері мерт болды. 

Сондай-ақ, сәрсенбі күні таңертең Тәжікстанмен шекарада провинцияның солтүстігінде Имам Сахиб округінде он сарбазды ұрлап әкеткен.