28 қаң, 2023 сағат 18:07

Australian Open: Елена Рыбакина финалда жеңіліс тапты - видео

Фото: championat.com

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open – 2023 турнирінің финалында жеңіліс тауып, екінші орынды місе тұтты, деп хабарл айды "Ұлт ақпарат".

Отандасымыз соңғы ойында Беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен бақ сынасты. Есеп 6:4, 3:6, 4:6.

Айта кетейік, Елена Рыбакина – Australian Open турнирінің финалында ойнаған алғашқы қазақстандық теннисші. Ол былтыр Уимблдон турнирінде жеңіске жеткен еді.

Сондай-ақ, қазақстандық теннисші алғаш рет WTA әлемдік рейтингінде топ-10 теннисшінің қатарына еніп отыр. Елена 1 300 ұпай жинап, 2 815 ұпаймен Live рейтингінің алғашқы ондығына көтерілді.