01 қыр, 2020 сағат 15:38

Ауыл әкімдерін сайлау, мемаппаратты қысқарту: Ермұхамбет Ертісбаев пікір білдірді

ҚР Тұңғыш Президентінің бұрынғы кеңесшісі, саясаткер және дипломат Ермұхамбет Ертісбаев Президент Жолдауына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің ойымша Жолдауда саясатпен тығыз байланысты қуатты бастамалар айтылды. Оның Президент жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес пен Президентке тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құру туралы шешімін алайық. Президент Үкіметтің – билік органы екенін және азаматтық сектормен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуі керектігін айтуда. Мәселен, тұрақты түрде ротация өтетін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі немесе Президент жанындағы талдау және мониторинг орталығы Президент жанындағы Жоғары кеңестің негізі бола алады деп ойлаймын», - деді Е. Ертісбаев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында. 

Спикер Президенттің ауыл әкімдерін сайлау туралы ұсынысына пікір берді.

«Көптеген адамдар Президент Қ. Тоқаевтың абсолютті билігі бар деп ойлайды және ол саяси жаңғырту тұрғысында кез келген нәрсені жасай алады деп есептейді. Шын мәнінде менің ойымша, Мемлекет басшысы наразылыққа ерте тап болып отыр. Бұрынғыдай билік елдімекендер әкімдерін сайлауға сенбейді және қаламайды, мен 84 қала мен моноқалаларды айтып отырмын. Ауыл әкімдерінің сайлануы туралы 15 жыл бұрын естіген едім. Бастамалар жасалды да. Мемлекет басшысының сайлауды ұйғарғаны жақсы болды. Бұл сайлау одан кейін де кең таралады деп үміттенемін. Ол үшін қоғам әлдеқашан пісіп-жетілді. Мен қазақстандық қоғамды білімді және сауатты, оның ішінде саяси тұрғыдан да сауатты деп санаймын», - дейді саясаткер. 

Сонымен бірге, Е. Ертісбаев Президенттің 2021 жылдың соңына дейін мемлекеттік аппаратты 25% қысқарту тапсырмасын да атап өтті.

«Қазір шенеуніктердің бұл қадамға наразы екенін білемін. Мемлекет басшысының қатаң нұсқау бергеніне қарамастан, бұған қатты қарсылық болады. Барлығы мемлекеттік аппараттың шынымен ұлғайтылғанына көз жеткізді», - дейді спикер. 

«Президент Тоқаевтың бүгінгі айтқандары жаңа идея емес. Өзі де Президент Н. Назарбаевтың стратегиялық бағытын жалғастырудың жеке және мемлекеттік басымдығы екенін бірнеше рет атап өтті. Сондықтан, көптеген нәрсе 2015 жылы белгіленген бес институционалдық реформаға негізделген. Құқықтық мемлекетке, заң үстемдігіне көп көңіл бөлінді», - деді Ермұхамбет Ертісбаев.