01 қыр, 2020 сағат 12:59

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады – Мемлекет басшысы

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасатын болады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан мен Ресейдің шекаралас өңірлерінде шамамен 30 млн адам өмір сүреді, миллион тұрғыны бар бірнеше қала орналасқан. Қаақстандық тауарларды ілгерілету үшін ресейлік билікпен тығыз өзар іс-қимыл, инвестиция тарту – қазақстандық шекара маңын дамытудың өте маңызды факторы», - деді Мемлекет басшысы. 

ҚР Президенті ауыл әлеуетін толық ашу проблемасы да стратегиялық маңызды мәселе болып қала беретіндігін баса айтты.

«Ауылдағы ең өткір проблемаларды шешуге бағытталған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасатын болады. Өңірлік дамудың жаңа әдістері урбанизация процесін басқаруға, «көші-қон толқынының» кезең-кезеңмен жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге, ірі қалаларда халық санының артып кетіп, әлеуметтік шиеленісті болдырмауға мүмкіндік береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.