27 қаз, 2020 сағат 10:15

«Ауыл» партиясы мен Агроөнеркәсіптік кешені қауымдастықтарының альянсы меморандумға қол қойды

Альянс агроөндірістік кешені кәсіпорны мен «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы агроөндірістік кешенді дамытуда күш біріктіреді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін елордада «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жаңа бағдарламаның тұжырымдамасы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев пен «Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілер одағының» төрағасы Қайрат Бисетаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Барлығымыз бір бағытта – аграрлық секторды дамыту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Меморандум тек қағаз емес, болашақта бірлесіп жұмыс істеуге және осы салаға қатысты проблемалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – халықтың игілігі үшін жұмыс істеп, азаматтардың өмірін жақсарту», - дейді Али Бектаев. 

Іс-шара барысында бизнес қауымдастықтар «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясымен бірге «Агроөнеркәсіптік кешеннің 100 проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары» тұжырымдамасы бойынша ұсыныстарын айтты. Дөңгелек үстелде алдағы 5 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасына енгізілуі тиіс бірқатар тезистер мен негізгі қағидалар айтылады.