14 мау, 2022 сағат 14:48

Ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков әлем чемпионы атанды


Мексикада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Ерасыл Сәулебеков алтын медаль иеленді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігі Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 281 (123+158) килограмды көтерді. Осы сәттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Екінші орынды түркиялық ауыр атлет Алааддин Саин иеленді – 278 (121+157).

Үздік үштікті польшалық Бартош Бурски 269 ұпаймен (116+153) түйіндеді.